• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

Халқымыз асылын ардақтап, қариясын құрметтеген. Өмірден көргені, көңілге түйгені мол, тыңдай білгенгенақыл-ойы алтын көмбе ардагерлерді ардақтап, оларға құрмет көрсету ниетпен «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» атты партиялық жобасы аясында ағымдағы жылдың 06 мамыр күні аудандық «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Байгунысов пен «Ескелді» БПҰ-ның төрағасы, Ескелді ауылдық округінің әкімі Т. Балшенов, Ескелді ауылдық округі бойынша ҰОС жылдарында тылда еңбек еткен тыл ардагерлердің үйлеріне барып, оларды келе жатқан Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтап, азык түлік  себеттерін тарту етті. Ардагерлерге деген ілтипат өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбиенің қайнар көзі болып қалабермек. Жылы сөз бен ыстық ықыластың өзі де көңіліне демеу болатын ардагерлер ел жанды азаматтарға алғыстарын жаудырды.  «Тылда еңбек еткен тыл ардагерлеріне» демеуші болған округіміздің мәслихат депутаты Бласов Бекет Жайлаубекұлына және де «Уштобинский» ЖШС-гіне үлкен алғысымызды білдіреміз. Құрметті майдан және тыл ардагерлері біздің бейбіт уақытта өмір сүріп жатқанымыз және әрбір жаңа күнді қуана қарсы алатынымыз үшін Сіздергеалғыс айтып, басымызды иеміз

3dac1f9a-9187-4d02-9ce6-5cadbda9ff5a

Толығырақ...

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен қазақ баласымыз. Қазіргі кезде біздің еліміз қарт кісілерге үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты қамқорлық жасалуда. 1 қазан –Халықаралық Қарттар күні мерекесіне орай, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан, саналы ғұмырларын тынымсыз еңбекке арнаған ақсақалдар алқасының төрағасы Төлеухан Сүттібаев қариямыз бен 1938 жылы туылған Кәмелхан әжеміз, 1936 жылы туылған Хаджо әжемізді атаулы мерекелерімен округ әкімі Талғат Балшенов құттықтады. Округ әкімі саналы ғұмырын еңбек жолында сарп қылған қарияларымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат тіледі. Әңгіме барысында қарттарымыз өмірден алған тәжірибелерімен, қызықты сәттерімен бөлісіп, өздерінің жүрекжарды ақ тілектерін жаудырды.

8.10.20 1

8.10.20 2

«Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты»

ММ-нің бас маманы Айна Біләл

Өткізілген күні мен орны: Ескелді би ауылы 2020 жыл 30 қаңтар

Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны: 18 адам

Қатысушылардың саны: 16 адам

Төрағасы: Джелдібаев Нұрман

Хатшы: Атибекова Майра Уатаевна

Күн тәртібі:
Жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік – құқықтық актілердің жобаларын талқылау.

Ескелді ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Мусабаева Асия Касымкановна «Ескелді ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Қаратал аудандық мәслихаты 2020 жығы 09 қаңтардағы № 66-238 шешімінің жобасымен таныстырып, баяндама жасады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасына өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленіп жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына енгізілді.

Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар жоқ.

Жергілікті қоғамдастық жиналысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Ескелді ауылдық округі әкімі аппаратының» веб-сайтына шешімдерді жариялау ұсынылсын.

Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы                                       Н. Джелдібаев    

Қоғамдастық жиналысының хатшысы                                        М. Атибекова

logo-min-ru

Аудандық әкімдіктің сайты

19.03.20-kall

etika

Социальная помощь

enbek kz

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана