• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

Өткізілген күні мен орны: Ескелді би ауылы 2020 жыл 30 қаңтар

Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны: 18 адам

Қатысушылардың саны: 16 адам

Төрағасы: Джелдібаев Нұрман

Хатшы: Атибекова Майра Уатаевна

Күн тәртібі:
Жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік – құқықтық актілердің жобаларын талқылау.

Ескелді ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Мусабаева Асия Касымкановна «Ескелді ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Қаратал аудандық мәслихаты 2020 жығы 09 қаңтардағы № 66-238 шешімінің жобасымен таныстырып, баяндама жасады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасына өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленіп жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына енгізілді.

Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар жоқ.

Жергілікті қоғамдастық жиналысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Ескелді ауылдық округі әкімі аппаратының» веб-сайтына шешімдерді жариялау ұсынылсын.

Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы                                       Н. Джелдібаев    

Қоғамдастық жиналысының хатшысы                                        М. Атибекова

2019 жылдың маусым айының 24-і күні Ескелді ауылдық округінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша ұйымдастырылған «Жүрек жылуы» қайырымдылық ақциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты: Ауыл тұрғындарының санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсету, адамдарды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу

Іс-шараның барысы:Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі.  Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның адаматтық парызы. Ескелді ауылдық округінде ағымдағы жылдың 24 шілде күні «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы ұйымдастыврылды. Акция барысында округ бойынша 80 жасқа толған көне көз қариямыз Сүттібаев Төлеухан атаның шаңырағына арнайы барып көмек көрсетілді. Үй қабырғалары ақталынып, терезе жақтауларын сырлап, ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді. Осындай акциялардың жиі ұйымдастырылып тұрғанын, жастардың қарияларға көмектесуі сауабы мол іс екенін жеткізіп, үлкен рахметін айтты. Акция соңында ақсақал жылы тілеуі мен батасын беріп, көңілді көңіл күймен шығарып салды.

29.07.19

29.07.19-1

m67gtb7mb_urfv67vnmgbuji_2.jpg

Ауыл тазалығы – халықтың айнасы. Соңғы уақытта елімізде тазалыққа ерекше мән беріліп келеді. Шындығында, аудан, ауыл жұртшылығын тазалыққа үйрету оңай болмай отыр. Ащы болса да шындық, таңертен үйінен шыға бере қоқыс тастаудан бастап, көшеде жүріп-тұруды білмейтін ересектер, жастар мен бүлдіршіндер кез келген жерде қоқыс тастап кетуден алдына жан салмайды. Жүрген жерлерінде пісте, сағыз, темекі қалдығы, бос бөлтелкелерге толтырып, көшені ластаған жекелеген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен тәртіп бұзушылар қатар сирей қойған жоқ.
Қазіргі уақытта Ескелді ауылдық округінде белгіленбеген жерге күл-қоқыс тастағаны үшін азаматтар әкімшілік айыппұл төлеуде. Ескелді ауылында бүгінгі таңда 7 хаттама толтырылды. Оның бесеуі «Абаттандыру ережелерін бұзу бойынша» ҚР ӘҚБК 505-бабы 1-тармақшасына, ал екеуі 434 бабы 1 тармақшасына сай жазылып Қаратал аудандық сотына жолданды. Сонымен қатар, ауыл тұрғыны Паш-Оглы Исламға белгіленбеген жерде қоқыс тастағаны үшін он айлық есептiк көрсеткiште айыппұл салынған және Ш.Уәлиханов көшесінің тұрғыны азамат Қызырхан Исабеков тұрмыстық қалдықтарды төккені үшін ұсталынып, оған әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді.
RpjQoqsAf4Y
Ескелді ауылдық округінің жастар
ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Өмірбек Гүлім

logo-min-ru

Аудандық әкімдіктің сайты

19.03.20-kall

etika

Социальная помощь

enbek kz

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана