2020 жылдың 31 желтоқсаны күні «Қаратал мүгедектер қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен округке қарасты Ескелді би, Қызылжар, Көкдала, Қайнар ауылдарындағы І-ІІ-ІІІ- топтағы 18 мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған 6 отбасына және де көп балалы 6 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық- түлік себеттері мен жаңа жылдық сыйлықтар таратылды. Қуанса бала қуансын демекші өз алғыстарын білдірген бүлдіршіндердің отбасыларына амандық дендеріне саулық тілейміз. Мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге демеуші болған Алматы қаласындағы «Қызыл Ай» қоғамына алғысымызды білдіреміз.