• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ағымдағы жылы 21 қарашада Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.
Осыған байланысты 2019 жылы 21 қарашада сағат 09.00-де Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округінің әкімі Балшенов Талғат Жақанұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.
             Азаматтарды қабылдау Ескелді би ауылы, І.Жансүгіров көшесі № 15-үй мекенжайы бойынша Ескелді аулдық округінің әкімдіктің ғимаратында өткізіледі.
             Қабылдауға алдын ала жазылу 8/72834/26-1-82 телефоны бойынша жүргізіледі.

Құрметті Ескелді ауылдық округі тұрғындары, көктемгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру айлығының басталуына орай, ағымдағы жылдың 24 сәуірі мен 24 мамыр аралығында «Ең таза көше», «Таза аула» және «Үлгілі аула» байқауының басталғанын хабарлаймыз.
Байқау бойынша көшенің, аулалардың тазалығы, гүлзарлармен безендірілуі, әрлендіріліп боялғандығы, әктелгендігі ескеріледі.
Байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау: «Ең таза көше», «Таза аула» және «Үлгілі аула» байқаулары бойынша жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өңірімізде Үштөбе қаласынан Қытай еліне дейінгі аралықта саяхаттауға арналған бағдарлама жүзеге асырылуда. Бағдарлама мерзімі 2 ай. Турдың мақсаты екі аралықтағы Қазақстанның тарихи жерлерімен таныстыру. Экскурсия барысында бірде-бір шегесіз салынған «Жаркент мешіті» мұражайы және де басқа тарихи ескерткіштерді тамашалай аласыздар. Сонымен қатар, Қытай елінде 2 сағат саяхаттау. Саяхаттау тегін түрде бір күнге созылады. Өзіңізбен бірге тек қана жеке куәліктің және ұялы телефонның болуы жеткілікті.

Ескелді ауылдық округі әкім аппараты ММ

Толығырақ ақпаратты:

26-0-92, 26-1-82 - Ескелді ауылдық округі әкім аппараты ММ

Сот. 87774279740

Сот. 87077770242

«Қаратал ауданы Ескелді
ауылдық округі әкімінің» ММ әкімінің
2017 жылдың «06» маусымдағы
№ 06-25 н/қ өкіміне қосымша

«Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: округ әкімі қызметін ақпараттық-талдаулық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұрдан әрі-Аппарат).

3. Қоғамдық қатынастардың жеке саламында жұмыс істейтін адамдардың іс-әрекет қағидалары.

3.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға қатысты салада:

1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау;

2) кез келген мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу үшін шаралар қолдау;

3) жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;

4) жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбау;

5) жоғары кәсебі жұмыс үшін қажетті күш-жігерін салу, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді және басқа құзырлы әдістерін қолдану;

6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсеби деңгейі мен біліктілігін арттыру;

7) қызметтік жағдайын асыра пайдалануға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бюрократизм көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға, дөрекілікке жол бермеу;

8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету;

9) Қолдану және әріптестерінен құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауын талап ету.

3.2 Өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде

1) Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтау;

2) құпиялықты сақтау және қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз ету;

3) кәсебі (қызметтік) әдептілікті сақтау;

4) өзге тұлғылыр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға, итермелеген жағдайда Аппарат басшысына, уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу жазбаша түрде хабарлау;

5) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау, берілген өкілеттіктерді тиімді иелену, өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану;

6) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;

7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік оргындардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

8) үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе жақтаудан, сондай-ақ олардың атынан әрекет жасаудан аулық болу;

9) басқа мемлекеттік оргындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерің қызметіне заңсыз араласпау;

10) әріптестеріне және басшыларға белгіленген өзара қатынас тәртібін бұзатын, олардың бейтарап қызметтік шешім қабылдауына әсер етуі мүмкін өтініштермен жүгінуден аулық болу.

3.3 Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:

1) жеке кәсіпкерлік субьектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқыққтық ақтілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына түсіндірме жазбаны қоса тіркеп, сараптамалық қорытынды алу үшін міндетті түрде жолдау, оның ішінде аталған жобаны мүделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде жолдау;

2) жеке кәсіпкерлік субьектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңесте қаралғанға дейін міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда жариялау.

3.4 Тіршік әрекеті саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

1) жеке және заңды тұлғалардың қықықтарын, бостандықтары мен зыңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау және оларға қатысты қажетті шаралар қабылдау;

2) қарамағындағы қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекідік, адами қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу;

3) басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек оъбективті және шынайы мәліметтер ұсыну;

4) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, мүлікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;

5) ұжымды іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орындау мен нығайтуға ықпал ету;

6) өзіне мәлім болғын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы Аппарат басшысына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлау.

4. Өзге де шектеулер мен тыйымдар

1) Конституцияны және Қазақстан Республиқасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнама тарапын сақтау;

2) ҚР-ның заңдарын белгіленген шектеулерді сақтау;

3) Аппарат басшысының өз лауазымдық уәкілеттілігі шегінде шығарған сыйлықтар бермеу;

4) Әріптестеріне, басшыларына және өзге лауазмды сыйлықтар бермеу;

5) Қызметтік өкілеттілігін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдамау;

6) Басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға итермелемеу және ынталандырмау;

7) Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе пайда табу мақсатында ресми тартылуға жатпайтаын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау.

logo-min-ru

Аудандық әкімдіктің сайты

etika

Социальная помощь

enbek kz

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана