Ағымдағы жылдың 24 желтоксан күні, округ әкімшілігі мен Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен округтегі 1936 жылғы жалғыз басты Мамуч-оглы Хаджо анамызға, көп балалы отбасы Алгужанова Лейла мен тұрмыс жағдайы төмен Нейман Марияның отбасына сонымен қатар ақсакалдар алкасының төрагасы Төлеухан Сүттібаев атамыздың үйлеріне барып Аяз ата мен Ақшақар жаңа жылдарымен құттықтап бірінші қажеттіліктегі азық- түлік себеттері мен жаңа жылдық сыйлықтар таратты. Қуанса бала қуансын демекші өз алғыстарын білдірген бүлдіршіндердің отбасыларына амандық дендеріне саулық тілейміз.