• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

Халықаралық қарттар күні - бұл аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл - жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Ардагерлер қажеттілігінен алшақ қалмай, үлкендерге құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Соның бір дәлелі, «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «1 қазан халықаралық қарттарды қорғау күніне» орайЕскелді ауылдық округіне қарасты Р.Қошқарбаев атындағы мектептің 5-6 сынып оқушылары І.Жансүгіров көшесінде тұратын, жасы 90 келген Рыспекова Асембала есімді әжемізді құттықтап барды. Оқушылар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыс етті. Балалардың көңіл бөліп келгендеріне қатты қуанып, әңгімелесіп, ризалығын білдіріп, ақ батасын берді.

dnjwasfa23fea 1

Толығырақ...

Ескелді ауылдық округіне қарасты Көкдала ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Бисолтан Майрақан ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні «Күміс алқа» алқасымен марапатталды. Округ әкімі Есботанов Қанабек Өзбекұлы көп балалы ардақты ананы құттықтап гүл шоқтарын тарту етті.

Бисолтан Майрақан үш ұл-үш қыз дүниеге әкелген, ауылдағы елеулі жанұялардың бірі. Жолдасы Абай Қабыл жеке шаруа қожалықпен айналысады. Шаруа қожалығында 26 ірі қара, 2 жылқы, сонымен қатар 15 га суғармалы жерлері бар. Майрақан балаларының білімі мен тәрбиесіне, олардың қоғамның саналы азаматтары болып өсуіне бар күш-жігерін салуда.

Өз кезегінде ана  округ  әкімдігі тарапынан мұндай құрмет көрсетілгеніне ризашылығын білдірді.

25 қыркүйек айында Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінде биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» акция аясында Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабі тандалды. Бұл шара Ескелді ауылдық кітапханасының кітапханашысы М.Атибекова мен кітапхана меңгерушісі Қ.Дюсембинованың ұйымдастыруымен «Ақыл жастан, асыл тастан» атты тақырыпта, аты аңызға айналға қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлына арналған тарихи сағат 5-10 сынып оқушылар арасында өткізілді. Жүргізушілер Жахан Жаннұр мен Мамутова Эльмира Б.Момышұлы – өмірбаянымен, отбасы туралы таныстыра отырып, елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған ұлы тұлға, 1941-1945 жылғы соғыста қаһармандығы мен қайсарлығы, әскери басшылықтағы шеберлігімен әйгіленіп, атақ-даңқы майданға, бүкіл елге тараған. Батыр ерлігі жайлы бірінші болып белгілі жазушы Александр Бек «Волоколамское шоссе» повесін жағаны туралы айтып өтті. Тарихымыздан үлкен орын алған, қазақтың дара перзенттерінің бірі Бауыржан ата жайлы білу ұрпақ парызы болғандықтан кезекті оқушылырға берілді. Олар Жахан Аяжан, Дәуіт Гаухар, Әлімбек Ақбота, Әлімжанова Дана, Муталиев Анвар, Дәуіт Таңғажай, батырдың жыр дәптерінен өлеңдерін жатқа оқып, сонымен қатар көріністі Әлімбек Темірлан, Б.Момышұлының рөлін сомдады. Кітапханашы М.Атибекова аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Бауыржан Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларына куә болдық. Елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегесі ұрпаққа үлгі болатын ұлы тұлға екенін айта отырып, туған елінің бақыты үшін күрескен қаһарман перзеннтерін халқы шексіз сүйіп, өнегесін үлгі-құрмет тұтады, мәңгілік есте сақтайтынын деген сөзбен аяқтады.кіл әлнм халқына аңыз болып таралған қазақ елінің ақиық қыраны Бауыржан Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларына куә болдық

IMG-20180926-Wdsf025 1

Толығырақ...

logo-min-ru

Аудандық әкімдіктің сайты

19.03.20-kall

etika

Социальная помощь

enbek kz

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана