• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

Ескелді ауылдық округінде 2018 жылдың 19-қазанында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Округі бойынша қазіргі уақытта жасына байланысты 329 зейнеткер бар.

19-қазан күні Ескелді ауылдық округінің «Тамаша» мейрамханасында қарттарға арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, 50 адамға дастархан жайылды. Бұл шараға Ескелді ауылдық округінің әкімі Қ.Есботанов, Қаратал ауданының құрметті азаматы Е.Шин, Ақсақалдар алқасының төрағасы Т.Сүттібаев ардагерлер мен қарттарды мерекелерімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. Округтағы «Корей ансамблінің» төрайымы Л.Тен мерекеге орай арнауын оқыды. Ескелді ауылының Мәдениет үйінің қызметкерлері және «Гүлдер» би ұжымы дайындаған концерттік бағдарламаны округ қарттары ерекше көңіл-күймен тамашалады. Осы шараны ұйымдастыруға Ескелді ауылдық округінің әкім аппараты, «Тамаша» мейрамханасының ұжымы, Ескелді ауылының Мәдениет үйінің қызметкерлері ат салысты. Осындай игі шараны ұйымдастырушыларға ауыл қариялары алғыстарын білдірді.

y4ipahfdhg4e_5.jpg

Толығырақ...

Ескелді ауылдық округіне қарасты Лермонтов атындағы орта мектебінде2018 жылдың 16 қазан күні Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы негізгі міндеттер мен тапсырмаларды іске асыруды анықтау бойынша округтік жиыны өтті. Жиында бірінші болып сөз сөйлеген Қаратал аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасының орынбасары Теңелбаев Жандос Қасқырбекұлы жолдаудың маңызды аспектілерін атады. Ол сондай-ақ жаһандық міндеттерді іске асыруда халықтың рөліне де тоқталып өтті. Іс-шара барысында баяндамаларымен Лермонтов атындағы орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Акишева Жұлдыз Мейрановна, Қошқарбаев атындағы орта мектебінің кітапханашысы Дюсембинова Қарлығаш Оспановна, жас маман Өмірбек Гүлім Айдарқызы Жолдауды талқылап баяндады.

Қорыта келгенде жиналыс қатысушыларының ойлары бір жерден шығып, біздің мемлекеттің тұрақтылығы – экономикалық даму мен мақсат-міндеттерге қол жеткізудің ең басты кепілі екендігін ерекшелеп өтті.

2ggwe24g 1

Толығырақ...

Жыл сайын 100-ден астам мемлекетте 1994 жылдан бері қалыптасқан Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. 

Халықаралық ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара 5 қазан күні Р.Қошқарбаев атындағы орта мектепте аталып өтті. Бұл шараға мектептегі барлық мұғалімдер мен оқушылар ат салысты. Жиын барысында белсенді оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ұстаздарына деген ыстық ілтипатын әсем әнімен күмбірлеген күйімен білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ұстаз – ұлы есім! Ілмейтінді ілдіретін, білмегенді білдіретін, санаға ақыл ұялататын, арманыңа қанат бітіретін, өмірді ұғынуыңа себеп болатын аяулы ұстаздарды кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

wqfwefweg23t 1

Толығырақ...

logo-min-ru

Аудандық әкімдіктің сайты

19.03.20-kall

etika

Социальная помощь

enbek kz

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана