• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

«Nur Otan»партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Ескелді ауылдық округі әкім аппараты мемлекеттік мекемесі қызметкерлері және Фельдшерлік акушерлік пунктің дәрігерлері бірлесе отырып, ауылдың көне көз қариясы, «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Сүттібаев Төлеухан атаға барып қайтты. Акцияның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларымен танысып, үй шаруасына жәрдемдесу. Кездесу барысында Төлеухан атамен сұхбат жүргізіп, алыс сапарға кетіп бара жатқандықтан ақ жол тілеп, денсаулық жағдайын анықтап, азынаулақ сыйлықтарын тарту етті. Өзіне құрмет көрсетіп келген жастарға қария ақ батасын беріп, көтеріңкі көңіл-күймен шығарып салды.

26.04.19

26.04.19-1

26.04.19-2

Ескелді ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асия Мусабаева 2019 жылдың 16 қаңтарында округке қарасты Қызылжар ауылында тұрғындар алдында есеп берді. Жиынға Қаратал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы- М. Бодаубекова арнайы қатысты.

Ең алдымен, жиында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Елбасының 2018 жылғы 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы тыңдалды.

 

16.01.19-6

Одан кейін округ әкімі тұрғындар алдында округтің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы және 2019 жылда атқарар жұмыстары жайлы баяндамасын оқыды. Әсіресе Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасының, «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» реформасының, «Жұмыспен қамту-2020» мен ауыл-шаруашылық бағдарламаларының жүзеге асырылғаны бойынша көрсеткіштер басты назарға ие болды.

Тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтар бақылауға алынып, ауыл азаматтары округ әкіміне оң баға беріп, ауылдарымыздың жылдан - жылға өсіп-өркен­деулерін тіледі.

 

16.01.19-8

Ескелді ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы Мусабаева Асия Касымкановна ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні округке қарасты Көкдала елді-мекенінде тұрғындар алдында есеп берді. Жиынға Қаратал аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Тлеубаев Мурат Михаилович арнайы келіп қатысты. Тұрғындарға округтің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндама оқылып, 2019 жылда атқарар жұмыстары жайлы айтылды.

16.01.19 1

Есептік жыл табысты болып, ауылда бірқатар игі істер атқарылды. Есептік жиынға барлығы 81 адам қатысты. Жиында Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласына көбірек көңіл бөлінді. Әсіресе ауыл шаруашылығының етті-сүтті бағытында кооперативтерді құру, шаруа қожалықтарына көрсетілетін мемлекеттік жеңілдіктер, медициналық сақтандыру, салық саласындағы түгендеу жұмыстары жайлы түсіндіріліп, тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап берілді.

Ауыл ақсақалдары округ әкіміне оң баға беріп, ауылдарымыздың жылдан жылға өсіп-өркен­деулерін тіледі.

 

16.01.19 2

Толығырақ...

logo-min-ru

Аудандық әкімдіктің сайты

19.03.20-kall

etika

Социальная помощь

enbek kz

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана