• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

Ағымдағы жылдың тамыз айының 5 күні сағат 12.00-де Ескелді ауылдық округінде республикалық «Бірыңғай медиация күні» акциясына орай «Ашық есік» іс-шарасы ұйымдастырылды. Акцияға кәсіпқой емес медиаторлар, аналар кеңесінің төрайымы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, жастар, қоғамдық ұйымдар қатысты. Медиация бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің жаңа түрі болып табылады. Ол жанжалдардың алдын алу және оларды сотқа жеткізбей шешу, сол сияқты халықтың құқықтық сауаттылығын нығайтуды көздейді. Шара барысында ниет білдіруші барлық азаматтарға медиация жөнінде кеңірек түсіндіріліп, заң аясында кеңестер берілді.

Ескелді ауылдық округі әкім аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы Г.Өмірбек

5.08.19 1

Толығырақ...

2019 жылдың шілде айының 31 күні Ескелді ауылдық округі әкімі Балшенов Талған Жақанұлы Ескелді би ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік жағдайлар айтылып, тазалық пен ауыз су мәселесі басты назарға қойылды. Яғни, әрбір тұрғын аула тазалығы мен көше тазалығын сақтауға шақыруды тапсырды, ал жиынға қатысушылар айтылған мәселелерді қолдады. Кездесуге қатысушылар өз аймақтарындағы өзекті мәселелерді қозғады. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары көкейлеріңде жүрген сұрақтарға, заң тұрғысынан жауап алды.

Жиын соңын ауыл ақсақалдары қорытындылап, бүгінгі таңда округіміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға алғыстарын білдіріп, қолдау көрсететіндерін жеткізді.

1.08.19 1

Толығырақ...

2019 жылдың шілде айының 26 күні Ескелді ауылдық округінде Жастар әдіскер нұсқаушысының ұйымдастыруымен Ескелді ауылдық кітапханасында «Бір өлке, бір кітап» тақырыбында кітап көрмесі өтті.

Іс-шараның мақсаты:Кітапхананың қорын халыққа жария ету, көптеген оқырмандарды тарту. Жергілікті ақындар мен жазушылардың туындылары мен кітаптарын халық арасында насихаттау

Іс-шарының барысы: Ағымдағы жылдың шілде айының 26 күні Ескелді ауылдық округінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы бойынша ұйымдастырылған «Бір өлке, бір кітап» тақырыбындағы кітап көрмесі өтті. Көрме барысында Ескелді ауылы кітапханасының кітапханашысы М. Атибекова Қаратал өңірінің жазушыларымен таныстырып өтті. Кітап көрмесіне Г.Нұршанованың «Қаратал қарлығашы», Қараша Қараманның еңбектері, Әміре Әрін «Томирис», Мәкен Өсербаеваның «Дария-ғұмыр», Қасиетті Қаратал, Гүлайым Түсікбай «Күн сүйген гүл», Ерубай Рақышев «Ойтолғау», Сәбит Биболов «Ескелді би – даналықтың дариясы», Жексенбек Сұлтанбеков «Жүрек сөзі», «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында Алматы облысы әкімінің қолдауымен шығарылып отырған және тағы да басқа Қаратал өңірінің жазушыларының туындалары көрсетіліп, олар туралы қысқаша мәлімет берілді. Шараға кітапхана оқырмандары қатысты.

30.07.19 1

Толығырақ...

logo-min-ru

Аудандық әкімдіктің сайты

19.03.20-kall

etika

Социальная помощь

enbek kz

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана