• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

Ағымдағы жылдың 21 қаңтары күні сағат 14-00 де Қаратал ауданының әкімі Бұлдыбаев Қайрат Найманбайұлының Ескелді ауылдық округінің тұрғындарының алдында 2019 жылы әрбір сала бойынша атқарылған жұмыстарға есеп беру кездесуі өтті. Ескептік кездесуге ауыл тұрғындары, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық прокурор, депутаттар, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық бөлім, мекеме, құқық қорғау органдарының басшылары, БАҚ өкілдері, сонымен қатар Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Қапашұлы Көлбаев, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы Жұмабаев қатысты. Аудан әкімі ауыл тұрғындарына 2020 жылға алға қойған міндеттері мен ауқымды жұмыстарымен таныстырды. Баяндамаларды талқылау барысында округ тұрғындары жыл бойы атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген оң бағаларын беріп, өз өтініштері мен ұсыныстарын да айтты.
Есепті кездесуден кейін аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

22.01.20

Толығырақ...

«Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджеті 2019 жылға барлығы 31 873,0 мың теңге көлемінде қарастырылған, оның ішінде:

124001011/015 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасына аппараты ұстап тұруға 19 157 мың теңге, еңбек ақы аудырамдар есебіне 14 324,0 мың теңге, ағымдағы шығындарына 4 833,0 мың теңге;

124022000 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына аппаратқа материалдық техникалық базасын нығайтуға 400,0 мың теңге.

124008015 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» Ескелді ауданы Қаратал ауылдық округінің елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға 4247,0 мың теңге.

124009000 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» Қаратал ауылық округінің елді мекендерін санитарлық тазалығына 830,0 мың теңге.

124011015 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» Төлеңгіт ауылдық округінің елді мекендерін абаттандыру мен көгалдандыруға 7239,0 мың теңге.

19.11.19-1

2019 жылдың тамыз айының 9 күні Ескелді ауылдық округіне қарасты Ескелді би ауылында әл ауқаты нашар және көп балалы отбасыларға көмектесу мақсатында «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы өтті! Балалар мен олардың ата аналары үшін осы күні мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара барысында округ әкімі Балшенов Талғат Жақанұлы алғашқы болып сөз сөйлеп, бұл іс-шараның көптеген отбасыларға көмек екендігін жеткізіп, ауыл тұрғындарын бір-біріне бауырмал болуға шақырды. Сонымен қатар, ақсақалдар алқасының төрағасы Сүттібаев Төлеухан атамыз және аналар кеңесінің төрайымы Шин Елизавета Ильинична өз кезектерінде сөз сөйлеп, осындай іс шаралардың адамдар арасындағы ынтымақтастық пен берекені нығайтатының айтты. Игілікті шараның басты мақсаты  көп балалы және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқор болып, олардың әлеуметтік себептер салдарынан мектепке бара алмай қалуларының алдын алу болып табылады. Акция аясында «балаларға мейірім сыйла» ұранымен қайырымдылық жасаймын деген азаматтарға арнайы жәшік қойылды. Акцияға әкімшілік қызметкерлері, Р.Қошқарбаев атындағы білім беру мекемесінің қызметкерлері, шаруа қожалықтар, жеке меншік кәсіпкерлер, «Адека», «Радуга» және таңғы басқа дүкендер белсене қатысты.

12.08.19 1

Толығырақ...

logo-min-ru

Аудандық әкімдіктің сайты

19.03.20-kall

etika

Социальная помощь

enbek kz

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана