• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Осы күнге орай, елімізде түрлі іс-шаралар жасалып, халық көктемді бір-біріне алғыс айтумен қарсы алуда. Солардың бірі 27 ақпан күні Ескелді ауылдық округінің Мәдениет үйінде өткен «Алғыс айту» күніне арнайы ұйымдастырылған «Алғысқа шек жоқ» атты мерекелік шара.
Мерекелік шара «Қаратал ауданының құрметті азаматы» Елизавета Шин мен ақсақалдар алқасының төрағасы Төлеухан атаның алғысқа толы лебіздерімен басталды. Меркелік шара барысында ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері келген қонақтарға арнап өздерінің дайындаған өнерлерін ортаға салса, «Гүлдер» би тобы қазақ, ұйғыр, кәріс, шешен халықтарының ұлттық билерін ұсынып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мейірімділік пен ізеттілікке толы кештің соңында кәріс, шешен, күрді, славян т.б этно- мәдени орталықтарының басшылары қазақ еліне мың да бір алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

27.02.20

Толығырақ...

Болашаққа бағдар - «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Ескелді ауылдық округінің кітапханасында «қадірлі сыйлық» атты кітапханаға кітап сыйлау акциясы өтті.
Акция мақсаты – кітапхана қорын толықтыру. Акцияға жаңа басылымдармен қатар, қолдануға жарамды тарихи-мәдени құндылықтарын жоғалтпаған ғылыми, көркем басылымдар қабылданады.  Сіздер сыйға тартқан әрбір басылым – маңызды, өйткені ол сол кітаптың ғұмырын созуға, кітапханаға көмек беруге және біздің оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді деді кітапханашы Майра Атибекова. Акция барысында кітапхана оқырманы Ирина Фищер 18 дана кітап сыйлады.

20.02.20

20.02.20-1

Әлемге әйгілі ойшыл, философ Әбу-Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл, Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдықтары сияқты Ел тарихындағы елеулі оқиғаларға арналған Көркемөнерпаздар байқауы ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Ескелді ауылдық округінде «Мәңгілік ел» ұранымен жалғасын тапты.
Көнцертке балалар да ересектерде қатысып бағдарлама бойынша барлығы 18 жанр бойынша қатысушылар өнер көрсетті. Атап айтсақ көрермендердің қошеметіне ие болған «Абай тағылымы» атты драмалық көрініс, «Сағынсаң қалқам өзің кел» «Жақсы бір адам белгісі» атты Ақын Бадақ пен Болатбек Заманбектің орындауындағы дәстүрлі әндер, Шахида Важитованың орындауындағы «Әжемнің сандығы» атты жеке би, жігіттер вокалдық тобы мен қыздар вокалдық тобы ерекше көзге түсті. Сонымен қатар көркемөнерпаздар байқауына барынша атсалықсан Лермонтов орта мектебі, Қошқарбаев орта мектебі мен Көкдала орталау мектебінің ұжымдарына алғысымызды білдіреміз.
Дәстүрлі түрде өткізіліп отырған аталмыш байқау өз дәрежесінде жоғары деңгейде аталынып өтті.

19.02.20

Толығырақ...

logo-min-ru

Аудандық әкімдіктің сайты

etika

Социальная помощь

enbek kz

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана